04 наурыз 2019 | 08:12

Павлодарда зауыт жұмысшысы өндіріс орнында қайтыс болды

Камила Долаева Журналист

Қазақстан электролиз зауытында жұмысшы қайтыс болды, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан электролиз зауытында жұмысшы қайтыс болды, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі.

Еңбек инспекторларының хабарлауынша, қаза тапқан 33 жастағы ер адам - алтыншы разрядты электрик. Бірақ неден, қалай болғаны әлі нақтыланып жатыр. Дәрігерлер зауытқа дереу жеткенімен, азаматтың өмірін ажалдан арашалап қала алмады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл кәсіпорында адам өлімі соңғы рет 10 жыл бұрын тіркелген. Жалпы, облыстың өндіріс орындарында жыл басынан бері 30 қайғылы оқиға болған. Екі дерек жұмысшы өлімімен аяқталыпты.

Реклама
Реклама

"Алдын ала болжам бойынша, жұмысшының үстіне құрал-жабдық арбасы құлаған. Оқыс жағдайдың нақты себебі алдағы 10 жұмыс күні ішінде анықталмақ. Қазіргі уақытта еңбек инспеткорлары тиісті шараларды қолға алды", - деді облыстық еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная