16 наурыз 2021 | 13:13

Павлодарда зейнеткерді автобустан итеріп шығарып жіберген кондуктор жазаланды

Видео кадры

Павлодарда зейнеткерді автобустан итеріп шығарып жіберген кондуктор жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда зейнеткерді автобустан итеріп шығарып жіберген кондуктор жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Автобус кондукторына қатысты істі Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты қарады.

"51 жастағы кондуктор автобус салонында қоғамдық тәртіпті бұзып, жолаушыны итеріп шығарып жіберді", - дейді сот баспасөз қызметінің өкілдері. 

Реклама
Реклама

Сот өкілдерінің мәліметінше, әйел адам кінәсін мойындаған.

"Павлодар қаласының тұрғыны Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 14 585 теңге көлемінде айыппұл тағайындалды", - дейді сот баспасөз қызметінің өкілдері. 

Еске салайық, кеше, 15 наурызда Павлодарда кондуктор зейнеткермен жанжалдасып, оны автобустан итеріп шығарып жібергені туралы видео тараған болатын. 

Кадрларда әйел кондуктордың қарт жолаушыны автобус есігінен итеріп жібергені, содан кейін кіруге кедергі келтіргені көрінеді. Видеода бейәдеп сөздер айтылады. Куәгерлердің айтуынша, төбелес қарт әйел зейнеткерлік куәлігі жоқ болған соң, ақша төлеуден бас тартқаннан кейін басталған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная