Павлодардағы әскери бөлімде атыс болды: бір адам қаза тауып, біреуі жараланған

Павлодардағы әскери бөлімде атыс болды: бір адам қаза тауып, біреуі жараланған Фото:depositphotos.com

Павлодардағы әскери бөлімдердің бірінде атыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІМ-ге сілтеме жасап.

Павлодардағы әскери бөлімдердің бірінде атыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІМ-ге сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, келісімшарт бойынша әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атып (бірнеше), салдарынан өзі оқиға орнында көз жұмған. Ал тағы бір келісімшарт бойынша әскери қызметші жарақат алған.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккен адамға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады ІІМ.

Реклама
Реклама

Тергеу барысы ІІМ-нің әскери-тергеу департаменті бақылауында. Қазақстандықтардан тексерілмеген ақпаратты таратпау сұралды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама