29 қазан 2021 | 12:04

Павлодардағы балалар ауруханасында түтін салдарынан 200-ге жуық адам эвакуацияланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Павлодардағы балалар ауруханасында түтін салдарынан 188 адам эвакуацияланды. Түтін балалар ауруханасының бірінші қабатындағы санитарлық тексеріс бөлімінде болған. Нәтижесінде, оқиға орнынан 188 адам, оның ішінде 112 бала мен 76 ересек адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодардағы балалар ауруханасында түтін салдарынан 188 адам эвакуацияланды. Түтін балалар ауруханасының бірінші қабатындағы санитарлық тексеріс бөлімінде болған. Нәтижесінде, оқиға орнынан 188 адам, оның ішінде 112 бала мен 76 ересек адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сағат 3.36-да ТЖД пунктіне Павлодар облыстық балалар ауруханасының ғимаратында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру барысында 14 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде 7 бала және 2 қызметкер", - деді брифингте Павлодар ТЖБ бастығы Ренат Валишанов.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, санитарлық тексеріс бөлімінде пластикалық есік жанған.

"Оқиға орнына келген соң инфекциялық стационардың "А" корпусындағы 1-бөлімшенің 1-қабатындағы санитарлық тексеріс бөлімінде түтін ошағы анықталды. Нәтижесінде, дәлізде түтін пайда болған. Алдын ала деректер бойынша түтін люминисцентті шамның әсерінен болған", - деді Валишанов.

Денсаулық сақтау басқармасы палаталарда түтін болмағанын айтты, өйткені олар бокс түрінде жасалған.

Павлодар облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Ардақ Күзековтың айтуынша, оқиғаға дейін бір жарым сағат бұрын ауруханада жарық өшкен.

"Инфекциялық стационарда"ПРЭК" ЖШС-нің балансындағы ТП-463-тен берілетін электр энергиясы апат жағдайында ажыратылды. Апат бригадасы шақырылды. Мүмкін, бұл электр желісіндегі кернеудің төмендеуіне себеп болған шығар", - деді Күзеков.

Оның айтуынша, пациенттер мен ересектер "А" корпусынан 150 метр қашықта орналасқан "Б" корпусына қауіпсіз жерге жедел көшірілді. Зардап шеккендер жоқ.

"Эвакуацияланған пациенттерді жедел медициналық көмек қызметкерлері қарап шықты, түтін салдарынан зардап шеккендер анықталған жоқ", - деді Күзеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная