07 желтоқсан 2020 18:13

Павлодардағы жол апатында екі адам зардап шекті: жүргізуші мас болған

Желіде мас жүргізуші басқарған көлік апатқа түскен сәттің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде мас жүргізуші басқарған көлік апатқа түскен сәттің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарда мас жүргізушінің кесірінен екі жолаушы зардап шекті. Жол апаты көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнежазбада үлкен жылдамдықпен келе жатқан көлік жарық бағанасына, кейін тұрақта тұрған көлікке соғылғаны көрсетілген.

Реклама
Реклама

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасына Toyota Camry көлігінің 29 жастағы жүргізушісі кінәлі екен.

"Алкогольдік мас күйінде көлік құралын басқара отырып, ер адам рульге ие бола алмай, тұрақта тұрған Audi көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Toyota Camry көлігінің екі жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды", - деді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Көлік айып тұрағына қойылған. Полиция бұл факт бойынша тексеру жүріп жатқанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram