ПОДЕЛИТЬСЯ
15 сәуір 2022 | 13:19
Павлодардағы мектепте өрт шығып, 5 бала ауруханаға жеткізілді
Павлодарда мектепте шыққан өрт салдарынан бес бала ауруханаға жеткізілді. Қазір зардап шеккендердің жағдайы тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодарда мектепте шыққан өрт салдарынан бес бала ауруханаға жеткізілді. Қазір зардап шеккендердің жағдайы тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, білім беру мекемесінде өрт шыққаны туралы хабарлама 15 сәуірде сағат 11.06-да түскен.
"Үш қабатты мектептің үшінші қабатында кітап сақтау бөлмесінде өрт шықты. Жиһаздар мен кітаптар өртенді. Өрт аумағы 15 шаршы метр", - деді ведомство баспасөз қызметі өкілдері.
Өртсөндірушілер келгенге дейін 479 адам эвакуацияланған, оның ішінде 414-і бала.
"Сағат 11.41-де өрт ауыздықталды. Өрт орнынан бес оқушы қыз жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Олар Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді", - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге облыстың Төтенше жағдайлар департаментінен 35 қызметкер мен 9 техника және Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жұмылдырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также