16 наурыз 2021 | 12:38

Павлодардағы зауытта болған төтенше жағдайдың видеосы пайда болды

Видеодан алынған кадр

Павлодарда алюминий зауыты цехтарының бірінде сілті төгілді. Кәсіпорындағы оқиғаға құрылғыларда туындаған ақау себеп болған. Өндірістік бөлменің бір бөлігіне жайлылып кеткен сілтілі ерітінді зауыт жұмысшылары үшін қауіпті емес деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда алюминий зауыты цехтарының бірінде сілті төгілді. Кәсіпорындағы оқиғаға құрылғыларда туындаған ақау себеп болған. Өндірістік бөлменің бір бөлігіне жайлылып кеткен сілтілі ерітінді зауыт жұмысшылары үшін қауіпті емес деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше оқиғаның видеосы Instagram-да пайда болды. Видео кадрларынан жұмыс киімі мен резеңке етіктегі жұмысшылардың бірі қара сұйықтық жайылған цехта жүргенін көруге болады.

Реклама
Реклама

"Ерітінді бүкіл цехқа жайылған сияқты. Жоспарды орындау кезінде жұмысшылар күйік және басқа да жарақаттар алады. Сілті құрамында басқа қоспалар бар. Денеге тисе химиялық қоспа бірден күйдіреді", - делінген жазба сипаттамасында.

Жазбада видео Павлодар алюминий зауытының цехтарының бірінде түсірілгені хабарланған. Өнеркәсіптік кәсіпорындар видео зауыттың гидрометаллургиялық цехының бірі түсірілгенін растады.

"Зауыт құрылғысынан ақау табылды. Боксит сапасының неғұрлым жоғары кремнийге өзгеруіне және борпылдақ сазды жыныстардың басым болуына байланысты боксит литологиясы өзгереді. Ылғалдың жоғарылауына байланысты боксит қатып, құрылғыдан ақау шыққан кезде сілті төгілген. Шикі пульпаның, яғни сілтілі ерітіндісі бар бокситтің төгілу салдары жойылып жатыр. Тәулік бойы арнайы техника жұмыс істейді",-деп түсіндірді "Қазақстан алюминийі" АҚ баспасөз қызметі өкілдері.

Компания зауытта барлық қауіпсіздік шарасы сақталғанын хабарлады.

"ГМЦ-1 учаскесі бокситті құйуға және шайуға арналған. Осы бөлімде жұмыс істейтін қызметкерлер қауіпсіз жұмыс әдістерін біледі. Қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Зауытта қышқыл сілтіге төзімді киім, бәтеңке, резеңке етік, қорғаныш қолғап және көзілдірігі бар кешенді қорғау енгізілген",-деді "Қазақстан алюминийі" АҚ баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная