01 қараша 2021 | 12:13

Пенжімдегі төбелес: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы Пенжімдегі оқиғадан зардап шеккен екі адамның жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы Пенжімдегі оқиғадан зардап шеккен екі адамның жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2005 жылы туған науқас травматология бөлімінде жатыр. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген. 1967 жылы туған науқас хирургия бөлімінде жатыр. Толық ем қабылдайды. Екі науқастың да жағдайы орташа ауыр", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, 27 қазанда Алматы облысындағы Пенжім ауылының мектеп территориясында жаппай төбелес болып, 16 жастағы бала ауруханаға түскені хабарланған болатын. Оқиға орнынан видео Instagram-дағы aqparat.kz парақшасында таралды.

Реклама
Реклама

Кейін Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы Пенжім ауылында жаппай төбелес кезінде зардап шеккен оқушының жағдайы туралы мәлімдеді. 27 қазанда 2005 жылы туған мектеп оқушысы Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасына түскені белгілі болды. Пенжім ауылындағы арандатушылар туралы ҚХА ресми өкілі Майя Бекбаева да мәлімдеме жасаған еді. Ол ауыл тұрғындары тыныштық пен бейбітшілікті қалайтынын айтқан. Алматы облысының Полиция департаменті Пенжім ауылындағы жаппай төбелеске қатысты өрттің оқиғаға қатысы бар-жоғы туралы пікір білдірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная