07 сәуір 2023 09:13

Петропавл мектебіндегі оқушының шабуылы: тың мәлімет айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы сыныптастарына балтамен шабуылдаған мектеп оқушысы туралы жантүршігерлік жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы сыныптастарына балтамен шабуылдаған мектеп оқушысы туралы жантүршігерлік жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Ақпанда қадағалау органы жасөспірімнің психиатриялық бақылауда екенін растады. Бірақ енді бала бұған дейін де өзін-өзі өлтірмек болғаны белгілі болды. "Сол себепті ол үш ай сабақтан қалып қойған, бірақ мұғалімдер бұған мән бермеген" дейді прокурорлар.

"Бұл бала 2021 жылы оғаш мінез-құлық көрсетіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Алайда мектеп бұл туралы денсаулық сақтау органдарына хабарламаған. Мектеп әкімшілігі суицид әрекетінің мән-жайын түсіндірмеді, - деді Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Әбу Әли Саттар.

Реклама
Реклама

Облыстық прокуратурада өткен жиында ұстаздар бала шабуыл жасамас бұрын қатарластарынан қысым көргенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттаған еді. Оқиға №4 мектепте болған. Оқу-ағарту министрлігі еліміздің барлық мектебінде қауіпсіздікті тексеру жұмысы жүргізілетінін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram