Петропавлда 21 жастағы ер адам өзенге жасырынамын деп үсіп қалған

Midjourney Midjourney

Петропавлда 21 жастағы ер адам мұздай суда жасырынып қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Петропавлда 21 жастағы ер адам мұздай суда жасырынып қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2 сәуір таңертең әлеуметтік желілерде Солнечный шағынауданында ер адам қатты тоңғаннан көз жұмғаны туралы ақпарат пайда болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол ұрлық жасады деген күдікпен іздестіру кезінде өзендегі мұздай суға түсіп, біраз уақыт бойы полициядан жасырынғаны айтылды.

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамның қаза болғанын растады, бірақ оқиғаның толық мән-жайын ашып айтпады.

Реклама
Реклама

"2 сәуірге қараған түні жедел жәрдем көлігінде Петропавлдың 21 жастағы тұрғыны қайтыс болды. Ол Солнечный ауылының бұрылысына жақын маңда табылған. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Tengrinews.kz тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының директоры Юрий Белоног берген мәлімет бойынша, жігіт дәрігерлер келгенге дейін көз жұмған.

"Қарау кезінде жүрек қызметі мен тыныс алу белгілері болмады. Ең ауыр деңгейдегі кома тіркелді. Реанимациялық шаралар нәтиже бермеді, биологиялық өлім анықталды. Реанимация оқиға орнында жүргізілді. Ол жедел жәрдем көлігінде болған жоқ", – деді Юрий Белоног.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная