Петропавлда 8 жастағы қыздың аяғы радиаторға қыстырылып қалған

баланы құтқару Бейнеден алынған кадрлар

Петропавлда 8 жастағы қыз ойын кезінде аяғының саусағын жылыту радиаторының секцияларының арасына қысып алып, өздігінен шығара алмаған. Ата-анасы құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды., деп хабарлайды Tengrinews.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қыз баланы босату үшін ТЖМ қызметкерлері гидравликалық авариялық-құтқару құралын қолданды. Әдетте мұндай жабдық жол-көлік оқиғаларында, ғимараттар опырылғанда және басқа да төтенше жағдайларда зардап шеккендерді құтқару үшін пайдаланылады.

Құтқарушылар арнайы құрылғының көмегімен радиатор секцияларын абайлап ажыратып, баланы босатты. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін қыз бала дәрігерлерге тапсырылды.

Жарнама
Жарнама

Құтқару сәті видеоға түсірілген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама