13 қараша 2023 | 17:21

Петропавлда әскери қызметші оқ тиіп қаза болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Петропавлда Қазақстан Ұлттық ұланының келісімшарт бойынша әскери қызметшісі оқ тиіп қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Петропавлда Қазақстан Ұлттық ұланының келісімшарт бойынша әскери қызметшісі оқ тиіп қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық ұлан баспасөз қызметі мәліметінше, оқыс оқиға 12 қарашада болған.

Реклама
Реклама

"6637 әскери бөлімінің (Петропавл) келісімшарт бойынша әскери қызметшісі әріптесі абайсызда атқан оқтан жарақат алды. Ол шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді, алайда әскери қызметшіні құтқару мүмкін болмады", - деп хабарлады тілшіге баспасөз қызметі.

Қызметтік тергеу тағайындалып, мән-жай анықталып жатыр.

"Ұлттық ұланның Жоғарғы қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады", - деп қосты Ұлттық ұлан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная