Петропавлда 7 маусымда қатты жел ағаштарды құлатып, үйлерде жарық сөнді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тұрғындарға қала әкімі Руслан Аңбаев үндеу жасады.
"Қаладағы жағдайды өздеріңіз көріп отырсыздар. Сіздерден өтініп абай болуларыңызды сұраймын. Әсіресе жолда мұқият болыңыздар. Қатты дауылдан ағаш бұтақтары сынып, құлап жатыр. Сондай-ақ, жарықтың сөнуі де тіркеліп жатыр. Өтініштерді бірден Ikomek-109 орталығына жолдаңыздар", – деп жазды әкім Instagram-да.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!