Петропавлда жаттығу кезінде ішіне доп тиген жігіт қаза болды

Дина Шарипханова Корреспондент
© Sputnik

Жаттығу кезінде ішіне доп тиген жігіт Петропавл облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөлімінде көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 7152.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаттығу кезінде ішіне доп тиген жігіт Петропавл облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөлімінде көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 7152.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға дүйсенбіде кешкі сағат жетіде Жабаев көшесінде, Қарасай стадионына қарама-қарсы жерде болған.

2005 жылы туған жігіт футбол жаттығуы кезінде спорттық жарақат алған. Эпигастрия аймағына (ішінің жоғарғы бөлігіне) доп тигенде, жерге құлап, басын жарақаттаған.

Жедел жәрдем станциясына 18:36-да қоңырау түсті, ал 18:40-та дәрігерлер оқиға орнында болды. Олар "анықталмаған жүрек тоқтауы, анықталмаған кома және жабық бас-ми жарақаты" деген диагноз қойды. Жігіт 20:10-да көпсалалы облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөлімінде көз жұмды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама