Петропавлда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, медициналық орталықтың баспалдағына аударылып түсті

Сурет: pkzsk.info

Петропавлда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news агенттігіне сілтеме жасап.

Петропавлда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news агенттігіне сілтеме жасап.

СҚО ПД баспасөз қызметі өкілдері апат 26 қыркүйекте сағат 13.20 шамасында болғанын айтты. УАЗ-3962 автокөлігін басқарған 54 жастағы жүргізуші Назарбаев көшесінде қозғалып келе жатып, жол жиегіне шығып кетеді. Нәтижесінде көлік аударылып, медициналық орталықтың кіреберісінде тоқтайды. 

Реклама
Реклама

Автомобильде науқастар болмаған. "Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жүргізуші үйіне жіберілді. Алынған тест қорытындысына сәйкес, жүргізуші сау болған. Жол-көлік оқиғасына байланысты жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі "көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге мүліктің бүлінуіне әкеп соқтыруы" бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды", - деп хабарлады полиция ведомствосының баспасөз қызметі өкілдері.
 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама