22 наурыз 2022 19:08

Петропавлда ЖЭО-да қаза тапқан қызметкердің отбасына көмек көрсетіледі

Жансая Қадыржанова Корреспондент
"СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ баспасөз қызметі

Петропавлда ЖЭО-да қаза тапқан қызметкердің отбасына көмек көрсетіледі. Бұл туралы "СЕВКАЗЭНЕРГО" компаниясының басшылығы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда ЖЭО-да қаза тапқан қызметкердің отбасына көмек көрсетіледі. Бұл туралы "СЕВКАЗЭНЕРГО" компаниясының басшылығы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"СЕВКАЗЭНЕРГО"АҚ басшылығы мен ұжымы Петропавл ЖЭО-2-де қайтыс болған Наталья Чефонованың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

"СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ басшылығы бұл жағдай қаншалықты қиын екенін түсініп, Наталья Чефонованың отбасына тұрғын үй жағдайын жақсарту, қайтыс болған қызметкердің бес жылдық жалақысы мөлшерінде өтемақы төлеу түрінде жан-жақты қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, Наталья Чефонованың баласының білім алу шығындарын жабады. Жерлеуді ұйымдастыруға байланысты барлық шығынды да өз мойнына алады", - деді компания өкілі.

Реклама
Реклама

Компания қызметкері апат себебі мемлекеттік комиссияның қорытындысынан кейін анықталатынын айтты.

Петропавлда ЖЭО-2 үйіндісі астынан машинистің денесі табылды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram