Петропавлда ЖЭО-ның құбыры құлады: үйіндіден жоғалғандар табылмады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
петропавловск.news сайтынан алынған сурет

Петропавлда ЖЭО-2 құбыры құлағаннан кейін үйінділерден жоғалғандарды іздеу жұмыстары сағат 21.00-де тоқтатылған. Бірақ жоғалған әйел табылмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

Петропавлда ЖЭО-2 құбыры құлағаннан кейін үйінділерден жоғалғандарды іздеу жұмыстары сағат 21.00-де тоқтатылған. Бірақ жоғалған әйел табылмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

38 жастағы әйел құбыр құлаған кезде жұмыс орнында болған. Әйелдің жұмыс орнындағы міндетіне қазандық цехының жабдықтарын бақылау кірген. Ол оқиға орнына жақын болған.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің басшысы Рамиль Камалов үйінділерді тексеру жұмыстары қызметкерлердің қауіпсіздігіне байланысты жарықта ғана жүргізілетінін, өйткені оқиға қайталануы мүмкін екенін айтты. Оқиға орнында кинологиялық қызмет жұмыс істеген, арнайы дайындалған ит адам болуы мүмкін жерлерді қараған. Сонымен қатар, арнайы техника қолдану мүмкін емес екені, жалаң қолмен жұмыс жүргізіліп жатқаны айтылды.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Петропавл ЖЭО-2-дегі апат салдарынан үйінді астында қалған қызметкерді іздеу жұмыстары жалғасып жатқаны айтылды.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама