25 мамыр 2023 | 11:03

Петропавлда жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізушіге 345 мың теңге айыппұл салынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

Петропавлда жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізушіге 345 мың теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Петропавлда жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізушіге 345 мың теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

25 жастағы жүргізушіні Петропавл қаласы ПБ жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары сағат таңғы 06:00 шамасында байқаған. Ол жолдастарымен бірге Toyota тізгінінде рұқсат етілгеннен жоғары жылдамдықпен жүріп, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен.

"Бағдар патрульдік нарядтарға берілді. Интернационал және Егемен Қазақстан көшелерінің қиылысында жүргізуші ұсталды. Ол өзін дөрекі ұстап, медициналық тексеруден өтуден бас тартты. ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-бөлігі талаптарына сәйкес, куәландырудан бас тартқаны үшін ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар ол 8 жылға көлік басқару құқығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Енді ол тек 33 жасқа толған соң көлік басқара алады.

"Сонымен қатар, тексеру барысында ер адамның ұсталғанға дейін жол қозғалысы ережесін бірнеше рет өрескел бұзғаны анықталды. Заңбұзушылықтарды автоматты түрде тіркеудің бейне жүйелері Toyota автокөлігімен сағатына 140 шақырымға дейін жылдамдықты 5 рет асырғанын тіркеді. Осы заңбұзушылықтар үшін жалпы айыппұл сомасы 345 мың теңге болған", – деді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная