ПОДЕЛИТЬСЯ
09 тамыз 2020 | 17:28
Петропавлда көлік басқару құқынан айырылған жүргізуші мас күйде апатқа ұшырады
Петропавлда көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Петропавлда көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл-Интернациональная көшелерінің қиылысында Volkswagen Passat көлігін басқарған 22 жастағы қала тұрғыны Toyota көлігімен соғылды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ, бірақ екі көлікке де механикалық зақым келген. Тексеру кезінде Volkswagen Passat көлігінің жүргізушісі биыл сәуірде мас күйде көлік жүргізгені үшін жеті жылға басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Медициналық куәландыру оның осы жолы да мас болғанын көрсетті.
Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 2-бөлігі "Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру" бойынша енгізілді. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленіп, көлік айып тұрағына қойылды.
"Биыл 11 қаңтардан бастап мас күйде көлік жүргізгені үшін оның ішінде бұрын көлік басқару құқығынан айырылған адамдар үшін, жауапкершілік қатаңдатылды. Енді сот мұндай адамдарды өмір бойына басқару құқығынан айырады, - деп хабарлайды СҚО ПД басшысының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.
Жыл басынан СҚО полицейлері көлік басқару құқығынан айырыла тұра, тізгінге қайта отырған 53 жүргізушіні анықтады. Олардың 49-ы 11 қаңтардан кейін тіркелген. Қазіргі уақытта 25 дерек бойынша сот шешімі шығарылды. Жаза арқалаған жүргізушілер негізгі жауапкершіліктерінен бөлек көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также