08 желтоқсан 2020 | 10:45

Петропавлда көпірден секірмек болған әйел видеоға түсіп қалды

Видеодан алынған кадр

Петропавлда көпірден секірмек болған әйел құтқарылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Петропавлда көпірден секірмек болған әйел құтқарылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, әйелді полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғын құтқарды.

Оқиға 6 желтоқсанда түнде болған. Осы күні полиция көлігі Рабочий кентіндегі көпірден өтіп бара жатқан.

Реклама
Реклама

Сол сәтте тәртіп сақшылары көпірден секірейін деп тұрған әйелді көрген. Олар оны құтқаруға асыққан. Полиция қызметкерлеріне жергілікті тұрғын да көмектескен. Осылайша, олар әйелді құтқарып қалған.

Уәлиханов ауданының 33 жастағы тумасы бірге тұрып жатқан ер адамның үстінен арыз жазғаны анықталды. Ер адам әйелді бірнеше рет ұрып соққан. Сондықтан 33 жастағы әйел үйіне қайтуға қорыққан.

Рабочий кентінде әйел танысының үйіне түнемек болған. Алайда ол әйелді үйге кіргізбеген.

"Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйел осы сәтте өзіне қол салмақ болған. Оның екі баласы бар.

Әйелге психологиялық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда ол тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталыққа орналастырылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері әйелге қысым жасаған 36 жастағы тұрғынды жауапқа тарту үшін оған қатысты материал жинай бастаған.

"Учаскелік инспектор қорғау ұйғарымын шығарды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша ер адамды жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданады", - деді Петропавл қаласы ПД бірінші бөлімі жергілікті полиция қызметінің басшысы Анарбек Байғұтдинов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная