06 сәуір 2021 | 09:05

Петропавлда көше ортасында тасжол опырылды

© instagram/skopetro

Петропавлда әлеуметтік желі қолданушылары көше ортасындағы үлкен шұңқырдың видеосын талқылап жатыр. Тұрғындар айтуынша, асфальт опырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Петропавлда әлеуметтік желі қолданушылары көше ортасындағы үлкен шұңқырдың видеосын талқылап жатыр. Тұрғындар айтуынша, асфальт опырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірақ қала тұрғындары тасжолдың опырылуына ғана емес, коммуналдық қызметтің бұл мәселені қалай шешуге тырысқанына таңғалған. Жұмысшылар арнайы техниканың көмегімен шұңқырға құм мен балшық араласқан қар төгіп жатқанын куәгерлер видеоға түсіріп алыпты.

"Мен маманы емеспін, бірақ менің ойымша, олардың әрекеті дұрыс емес сияқты. Егер ауа райы жылып, қар еріп кетсе не болады? Тағы қанша көлік бұзылады?", - дейді жазба авторы.

Реклама
Реклама

Петропавл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Олардың сөзінше, су құбыры жарылуына байланысты тасжол опырылған. 

"2021 жылдың 4 сәуірінде диаметрі 300 миллиметр болатын шойын су құбыры жарылды, салдарынан топырақ шайылып, жол опырылды. "Қызылжар су" ЖШС құбырды жөндеді. Қазіргі уақытта барлық үйге су барып тұр, ал шұңқыр толтырылды", - деді ведомство баспасөз хатшысы Әсем Айтолла.

Әкімдік күн жылыған соң, тасжол қалпына келтірілетінін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная