05 мамыр 2022 09:25

Петропавлда өз-өзіне қол жұмсаған студент қайғылы жағдайға дейін психологқа жүгінген

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: Петропавловск News

Петропавл жоғары құрылыс-экономикалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Наталья Бывальцева оқу орны аумағында суицид жасаған студент туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл жоғары құрылыс-экономикалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Наталья Бывальцева оқу орны аумағында суицид жасаған студент туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Наталья Бывальцеваның айтуынша, студент қанағаттанарлық деңгейде оқыған, колледжде жанжал тудыратын жағдайлар болмаған. Ол Мағжан Жұмабаев ауданында дүниеге келген.

"Ол бізге 2021 жылғы қыркүйекте оқуға түсті. 19 жаста еді. Ол 10-сыныптан кейін үзіліс жасап, оқуға түскен. Қысқа уақытқа әскерге барып келді. 3,5 айға барды. Кейін одан артериялық гипертензия анықталды. Ол "ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану" мамандығында оқыды", - деді Наталья Бывальцева.

Реклама
Реклама

Петропавл жоғары құрылыс-экономикалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары суицидке дейін 19 жастағы студент психологқа жүгінгенін айтты. Бірақ Наталья Бывальцева не үшін жүгінгенін айтқан жоқ.

"Ол әкімшілікке қандай да бір тілек-өтініш айтқан жоқ. Түрлі жағдай болды, кейбір жағдайлар туындады, бірақ бәрі шешілді, ешқандай мәселе жоқ. Ол құжаттарын алып, оқудан шыққысы келді. Оны 1-курсты аяқтауға көндірдік. Ол ойланатынын айтып, бұл мәселеге қайта ораламыз деп шештік. Ол жұмыс істеуі керек екенін айтып, болашақ отбасын қамтамасыз етуі қажет екенін жеткізді. Дегенмен ол үйленбеген еді, қызына үйленуді жоспарлап жүрді. Қызының аяғы ауыр еді. Ол қыздың кім екені белгісіз. Шын мәнінде болды ма, ол да түсініксіз", - деді колледж директорының орынбасары.

Наталья Бывальцева жас жігіттің пәтерді жалға алып тұрғанын айтты. Жатақханада пәтерге байланысты қиындықтар туған кезде 1 айдан аса уақыт тұрған. Кейін колледжден кеткісі келгендіктен, жатақханадан шығып, қайта келмеген. Оның айтуынша, бұл шамамен 2 апта бұрын болған.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өз-өзіне қол жұмсау дерегі ҚК-нің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Сараптама тағайындалған.

Еске салайық, бұған дейін Петропавлда студент колледж аумағында өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлаған болатынбыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram