Петропавлда "Самовар" мейрамханасынан 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді

"Самовар" дәмханасындағы өрт. ©tengrinews.kz

Петропавлдың "Самовар" мейрамханасындағы өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 1 қыркүйекте сағат 20:00-де басталған өрт түн ортасында ауыздықталған.  

"Тілсіз жауды ауыздықтауға СҚО ТЖД "Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметi" мемлекеттiк мекемесiнің қызметкерлері, "Оңтүстік-Орал темір жолы" федералдық мемлекеттік біртұтас кәсіпорны Петропавл бөлімшесінің өрт сөндіру командасы (барлығы 16 бірлік техника және жеке құрамнан 78 адам) жұмылдырылды. Сондай-ақ "Қызылжар су" АҚ төрт бірлік техникасы да тілсіз жауды сөндіруге тартылды", - деп хабарлады СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.  

Тілсіз жау 390 шаршы метр жерді шарпыған. Сағат 21.47-де өрт ошақтары оқшауланып, ал сағат 23.52-де өрт толығымен сөндірілген. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің тұтануы мен келтірілген шығын анықталу үстінде. 

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 1 қыркүйек күні кешкісін Петропавл қаласының орталығында өрт болған еді. Құтқарушылар келгенге дейін мұндағы барлық адамдар қауіпсіз жерге шығарылған. Оқиға орнына келген жедел әрекет ету қызметі өрт шыққан аумақты қоршауға алған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама