ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 22 қазан 2019 08:46
Петропавлда студенттердің жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды
Солтүстік Қазақстан облысының уәкілетті органдары студенттердің жаппай төбелесі түсірілген видеоны зерттеп жатыр, - деп хабарлайды Петропавловск.news.
Басылымның мәліметінше, бұл видео қала шетінде түсірілген. Видео кадрларынан 40-қа жуық жігіттің төбелесіп жатқаны көрінеді. Кейіннен біреуі айғайлап, барлығы жан-жаққа тарап кетеді.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің өкілдері бұл деректі растады.
Ал облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев студенттердің медициналық көмекке жүгінбегенін айтты. Оның айтуынша, 10-ға жуық адамның зардап шеккені жайлы мәлімет шындыққа жанаспайды.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу