Петропавлда такси жүргізушілері жолақысын төлемеген клиентті жазалады

© vk.com/petropavlovsk_official

Петропавлда такси жүргізушілері жолақысын төлемеген клиентті бетіне жасыл дәрі жағуға мәжбүрлеген, - деп хабарлайды Петропавловск.news басылымы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Петропавлда такси жүргізушілері жолақысын төлемеген клиентті бетіне жасыл дәрі жағуға мәжбүрлеген, - деп хабарлайды Петропавловск.news басылымы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жағдай видеоға түсіріліп, кейіннен WhatsApp пен әлеуметтік желілерде таралған. Полициядағылар роликті зерттеп, ондағы адамдарды анықтады.

Реклама
Реклама

Мобильді қосымша арқылы такси қызметін көрсететін Бескөл аудан орталығының 1992 жылғы тұрғыны 8 қаңтардан 9 қаңтарға қараған түні бір клиентті апарып тастаған. Алайда жеткізген кезде клиент жолақысын төлеуден бас тартқан. Сол кезде Daewoo Nexia жүргізушісі басқа да жүргізушілердің көзінше 29 жастағы ер адамды жасыл дәрі жағуға мәжбүрлеген.

Нәтижесінде жүргізушілер жауапкершілікке тартылды. Олардың біреуіне қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалды.

"Полиция қызметкерлері жекеменшік тасымалдаумен айналысатын жүргізушілерден клиенттердің жолақысын төлеуіне қатысты проблемаларды тек заң тәртібінде шешу керектігін ескертеді", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная