26 қазан 2022 | 17:49

Петропавлда терезеден баспалдаққа құлап түскен ер адамның видеосы тарады

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Әлеуметтік желіде Петропавлдағы көпқабатты үйлердің біріндегі дүкеннің баспалдағына құлаған ер адамның видеосы тарап жатыр. Полиция өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде Петропавлдағы көпқабатты үйлердің біріндегі дүкеннің баспалдағына құлаған ер адамның видеосы тарап жатыр. Полиция өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 15 қазанда таңертең болған.

Реклама
Реклама

"Ғабит Мүсірепов ауданының 38 жастағы тұрғыны бір күн бұрын жұмыстарымен Петропавл қаласына келіп, Әуезов көшесіндегі үйлердің бірінің екінші қабатынан пәтер жалдап тұрған. Оның айтуынша, ол пәтерде жалғыз болған және ішімдік ішкен. Темекі шегу үшін балконға шыққан ер адам тепе-теңдігін жоғалтып, дүкеннің баспалдағына құлаған. Біраз уақыттан кейін есін жиып, пәтерге оралған. Оның ешкімге арыз-талабы жоқ, медициналық көмекке жүгінген жоқ", - деді Петропавл қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Сейілбек Елжасов.

Сол күні түс ауа ер адам автобуспен аман-есен үйіне кеткен. Қазіргі уақытта жағдайы жақсы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная