Петропавлда жаңа су құбыры жарылды: 20 үй, мектеп және балабақша сусыз қалды

Видеодан алынған кадр

Петропавлда т?нгі уа?ытта орталы?та?ы суы? су ??быры жарылды. Т?тенше жа?дайды? салдарынан бірнеше к?ше жабылып, 15-20 ша?ты ?й, мектеп ж?не балаба?ша сусыз ?алып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Петропавлда түнгі уақытта орталықтағы суық су құбыры жарылды. Төтенше жағдайдың салдарынан бірнеше көше жабылып, 15-20 шақты үй, мектеп және балабақша сусыз қалып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Конституциясы, Васильев, Астана көшелерін су басқан. Жер үйлер де су астында қалып отыр.


"15-20 шақты үй сусыз қалып отыр. 4-ке жуық әлеуметтік нысан да сусыз қалды, оның ішінде мектептер мен балабақшалар бар. Онда су жеткіздік", - деді "Қызылжар су" ЖШС бас инженері  Сергей Визеров.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта оқиға орнында "Қызылжар су" ЖШС пен "Коммунхоз" мамандары мен техникалары жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты қала орталығындағы бірнеше жолды жабуға тура келген.

Алдын ала мәлімет бойынша, үйлерге су 5 қаңтарға дейін беріледі.


Суреттер мен видеолар © Tengrinews.kz

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама