Петропавлда жұмысшы бетон араластыратын машинаға түсіп кетіп қайтыс болды

Петропавлда жұмысшы бетон араластыратын машинаға түсіп кетіп қайтыс болды © pkzsk.info

Петропавлда то?ыз ?абатты ?йді? ??рылысы кезінде ж?мысшы ?аза тапты, - деп хабарлайды Петропавловск.news. Т?тенше жа?дай кеше, 29 мамырда бол?ан.

Петропавлда тоғыз қабатты үйдің құрылысы кезінде жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Петропавловск.news. Төтенше жағдай кеше, 29 мамырда болған.

Басылымның мәліметінше, 48 жастағы ер адам бетон араластыратын машинаға түсіп кеткен. Оның машинаны тазалау үшін миксердің ішіне кіргені айтылады.

Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының өкілдері бұл мәліметті растады. 

Жарнама
Жарнама

СҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары, еңбек инспекторы Арман Жалелов қазіргі уақытта осы жағдайды тергеп, анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын айтты.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама