ПОДЕЛИТЬСЯ
22 ақпан 2021 | 14:50
Петропавлдағы өрт: облыс әкімі тұрғындарға көмек көрсетілетінін айтты
СҚО әкімі Құмар Ақсақалов өрт шыққан жерге барды. Оның айтуынша, өрттен зардап шеккен көп қабатты үйдің тұрғындарына көмек көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
СҚО әкімі Құмар Ақсақалов өрт шыққан жерге барды. Оның айтуынша, өрттен зардап шеккен көп қабатты үйдің тұрғындарына көмек көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Олардың әрқайсы төлем алады, үй қалпына келтіріледі.
"Ғимаратты қалпына келтіруге қала бюджетінен ақша бөлінеді. Жатақханадағы барлық пәтер иелеріне бір реттік қаржылай көмек көрсетіледі. Бірде-бір адам назардан тыс қалмайды", - деді Құмар Ақсақалов.
Өңір әкімі кәсіпкерлерге газ баллондарын пайдалануға жол берілмейтінін ескертті.
"Алдағы уақытта осындай жағдай қайталанбауы үшін кәсіпкерлерге көп қабатты үйлерде газ баллондарын пайдалануға қатаң тыйым салынатынын ескертемін. Осыған байланысты комиссия құрылады. Оған прокуратура, ТЖД, "Атамекен", бизнес, қоғам, қала әкімдігі өкілдері қатысады. Көпқабатты үйлердің бірінші қабатында орналасқан барлық насанды газ баллондарын пайдалану тұрғысынан тексереміз", - дейді СҚО әкімі.
Айта кетейік, Петропавлдағы бұрынғы жатақхана ғимаратында 21 ақпанда өрт шыққаны хабарланған еді. ТЖД алдын-ала тексеру нұсқасы бойынша, бірінші қабаттағы кафеде газ баллоны жарылған.
Екі адам қаза болды, үшеуі реанимацияда. Зардап шеккендердің арасында он жасар бала бар.
Тұрғын үйден 120 адам эвакуацияланды. Петропавл әкімдігі жергілікті мәдениет үйінде әлеуметтік көмек жиналысын жариялады.
Облыс прокуратурасы ҚР ҚК-ның 292-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Жедел-тергеу тобы құрылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также