ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 14 наурыз 2018 18:04
"Пинта" барының басшылығы жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді
"Пинта" барыны? басшылы?ы келушілер мен даяшылар арасында бол?ан т?белеске ?атысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Пинта" барының басшылығы келушілер мен даяшылар арасында болған төбелеске қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Тексеріс жүргізіліп жатыр, құқық қорғау органдары тарапынан да тексеріс жүргізіліп жатыр. Кінәлі адамдар заңға сәйкес жазаланады. Сондай-ақ, компания қызметкерлері де. Қандай да бір пікір білдіруден бас тартамыз. Құқық қорғау органдарының өкілдері негізінде жасалған қорытындылар бойынша ресми мәлімдеме жасаймыз", - деді "Пинта" бар желісі басшылығындағылар.
Осыған дейін Алматыдағы "Пинта" барында жаппай төбелескендердің видеосы таралған болатын. Бұл оқиғаның 9 наурызға қараған түні болғаны анықталды. Видеодан бір топ жігіттің арасында төбелес шығып, кейінірек бұл төбелеске даяшылардың да араласқаны көрінеді.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу