Полицейлер Ақтөбе кафесінде болған төбелестің мән-жайын айтты

Видеодан алынған кадр

Полицейлер ?ала кафелеріні? бірінде т?белескен ер адамдар?а ?атысты тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?т?бе облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер қала кафелерінің бірінде төбелескен ер адамдарға қатысты тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адамдардың арасындағы шыққан дау ұялы телефонның камерасына түсірілген. Видеодағы кадрларға қарағанда, олардың арасында дау шығып, кейіннен төбелеске ұласқан.

"19 маусымда қаладағы көңіл көтеру орындарының бірінде келушілер арасында төбелес шыққан. Осы дерек жайлы ішкі істер органдарына хабарланған жоқ, алаайда әлеуметтік желілерде видео тараған. Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама