Полицейлер Шымкентте жоғалып кеткен 19 жастағы қызды іздеп тапты

Шымкент полицейлері із-т?ссіз жо?алып кеткен студент ?ызды тапты, - деп хабарлайды "Отырар" басылымы О?О ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Шымкент полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен студент қызды тапты, - деп хабарлайды "Отырар" басылымы ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2017 жылдың 26 мамырында Шымкент қалалық ІІБ әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын 23 мамырда үйден кетіп, сол күйі оралмаған 19 жастағы қызы Дана Мырзабектің жоғалып кеткенін хабарлады. Қызды іздестіру жұмыстарына әл-Фараби аудандық ІІБ мен ОҚО ІІД криминалдық полициясының жеке құрамы толықтай жұмылған.

Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бір айдан соң полицейлер Дана Мырзабекті тауып, ата-анасына қайтарды. Қыздың үйден отбасындағы жағдайларға байланысты кетіп қалғаны белгілі болды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама