Полиция Алматы спорт клубындағы атыспен аяқталған төбелестің жай-жапсарын анықтап жатыр

Полиция Алматы спорт клубындағы атыспен аяқталған төбелестің жай-жапсарын анықтап жатыр © YouTube

Полиция Алматыдағы спорт клубында болған төбелес пен атыстың мән-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz&nbspтілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төбелес пен атысты куәгер видеоға түсіріп, Интернетке жүктеген болатын.

"Алматы ІІД Интернетте пайда болған видеоны сараптамадан өткізді. Дерек "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркеуге алынды. Бостандық ауаны ІІБ оқиғаның мән-жайын анықтайды", - деді ІІД қызметкерлері.

Осыған дейін&nbspАлматы қаласында спортшылардың жаттығу жекпе-жегі төбелеспен, кейін атыспен&nbspаяқталғаны хабарланған болатын. Куәгерлердің бірі оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратты. Жазба "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде және YouTube видеохостингінде пайда болды. Пікір жазғандардың бірі оқиғаның 24 маусымда Гагарин көшесіндегі спорт залында болғанын хабарлады.

Жарнама
Жарнама

Ескерту, бейпіл сөз айтылады!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама