Полиция Ақтөбе әкімдігінің маңында болған атысқа қатысты пікір білдірді

А?т?бе облысты? ІІД ?кілдері облыс ?кімдігі ма?ында бол?ан атыс жайлы ?андай да бір м?лімет білетіндерден полиция?а хабарласуын с?райды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері облыс әкімдігі маңында болған атыс жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден полицияға хабарласуын сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 11 наурызда Абай даңғылында орналасқан супермаркет аумағында Ақтөбе қаласының 25 жастағы тұрғыны травматикалық қарудан бірнеше рет оқ атқан.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Осы қылмыс жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласуын сұраймыз: 102, 729-609, 55-78-24, 729-601", -деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, кеше, 12 наурызда Ақтөбе әкімдігінің маңында атыс болғаны хабарланған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама