Полиция көлігі Қостанайда жаяу жүргіншіні қағып кете жаздады

Видео кадры

Полиция көлігі Қостанайда жаяу жүргіншіні қағып кете жаздады. Видеотіркегішке жазылған роликті "Қостанай жаңалықтары" басылымына оқырмандардың бірі жолдаған. Видео YouTube желісінде де жария болды. 

Басылымның мәліметінше, видео 27 қаңтарда Абай даңғылының бойында таңғы 8.20-да түсірілген. Кадрлардан полиция автокөлігінің жаяулардың жолымен өтіп бара жатқан адамды қағып кетпеу үшін соңғы сәтте бұрылғанын көруге болады. Қостанай облыстық ІІД өкілдері видеоны зерттеді. Полиция өкілдері патрульдік көліктің жол-қозғалысы ережесін өрескел түрде бұзған жүргізушісін анықтау бойынша шаралардың жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама