Полиция Тәңірберген Бердоңғардың видеосындағы жүргізушіні тапты

Полицейлер Т??ірберген Бердо??арды? видеосында?ы ж?ргізушіні тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананы? жергілікті полиция ?ызметіне сілтеме жасап. 

Полицейлер Тәңірберген Бердоңғардың видеосындағы жүргізушіні тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап. 

"21 наурызда әлеуметтік желіде 539YCA13 нөмірлі Toyota Camry көлігінің жүргізушісі көлігін жол үстіне қалдырып, осыған байланысты вокзал алдындағы қозғалыс қиындағаны туралы видео жарияланды. 22 наурызда Астана қалалық ІІД ЖПҚ-ның іздеу бөлімінің қызметкерлері 1995 жылы туған азаматты анықтап, оны әкімшілік жауапкершілік туралы заңның 597-бабының 3-тармағы бойынша жауапқа тартты", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Жүргізушіге 20 АЕК (45 380 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Инвестиция және даму министрінің кеңесшісі Тәңірберген Бердоңғар Facebook желісінде Астанадағы теміржол вокзалында қозғалысты тоқтатып тастаған автожүргізушіні видеоға түсіріп алған болатын.

Жас жүргізуші автомобилін көліктер өте алатын жалғыз жолда қалдырып кеткен.

"Ер адам көлігін тастай салып, біреуді қарсы алуға жүгіріп кетті. Оның артында 20 шақты көлік тұрып қалған шығар. Бұл нағыз эгоизм", - дейді ролик авторы. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама