Полициядан қашқан ер адам басынан айырылды

Полициядан қашқан ер адам басынан айырылды ©Тengrinews.kz

Қарағандыда жол-патруль полициясынан қашқан ер адам апатқа ұшырап, басынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Төтенше оқиға сағат 10.00 шамасында Михайловка ықшамауданында болды. Жол-патруль қызметінің экипажы жылдамдығын асырған Suzuki Vitara автокөлігінің ізіне түскен. "Соңына түскен полицейлерден қашқан автокөлік жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, жолдың жиегіне аударылды. Ер адамның басы жұлынып қалды", - деп хабарлады Қарағанды облыстық әкімшілік полиция басқармасының жол-патруль полкы кезекші бөлімінің өкілдері.

Полицияның мәліметінше, автокөлік екі рет аударылған. Жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші салоннан ұшып кетті. Ол тасқа соғылып, басынан айырылды. Бұл оқыс оқиға бойынша тергеуалды тексеріс жүргізілді. Жүргізушінің аты-жөні анықталып жатыр. Еске сала кетейік, 2012 жылы Өскеменде жаяулар жолынан өтіп бара жатқан адамды жүк көлігі қағып кеткен еді. Көлік соқысы ер адамның басын жұлып кетті.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама