22 қазан 2018 | 15:40

Полицейлер Алматыда жол бойында ерегескендерді ұстады

видеодан үзінді

Полицейлер Алматыда жол бойында ерегескен адамдарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Алматыда жол бойында ерегескен адамдарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Осыған дейін әлеуметтік желіде Райымбек даңғылының бойында ер адамдардың ерегесіп жатқан видеосы жарияланған еді. Полиция мәліметінше, ер адамдар өзара жолды бөлісе алмай қалған. Олардың бірі екінші жүргізушіге тапаншаға ұқсас затты тақаған. 

Реклама
Реклама

"Тексеру шаралары барысында екі жүргізуші де анықталып, ұсталды. Олардан жауап алынды. Nissan Maxima маркалы автокөлігінің жүргізушісі 1991 жылғы А.Сұрамысов балон бұрандасын сермеген, ал екінші ер адам Mercedes жүргізушісі 1990 жылғы Д.Сұлтанәлі өз көлігінен БАМ-ОС.00018х15 пирамеханикалық "Премьер-4" модельді аэрозольды құрылғыны алып шыққан. Осы заттар мен екеуінің де көліктері қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылы") бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін куәгерлер іздестіріліп жатыр", - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы Дархан Мұсанов.  

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АВТОЛАЙФ АЛМАТЫ???????? (@autolife_almaty) 21 Окт 2018 в 4:16 PDT

 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Мұнай бағасы құлдырады