"Полицейлер қару ұрлаған": Алматы ПД хабарламаға жауап берді

Иллюстрация: polisia.kz

Алматы полициясы 2022 жылғы қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша тәркіленген қару-жарақтың жоғалғаны туралы ақпаратқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы полициясы 2022 жылғы қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша тәркіленген қару-жарақтың жоғалғаны туралы ақпаратқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін кейбір ақпарат көздері Алматы Полиция департаментінің қызметкерлері қаңтар оқиғасына қатысты істер бойынша бұрын тәркіленген 27-ден аса атыс қаруын ұрлағанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің бірі қашып кеткені және бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша тіркелгені айтылған.

ПД тараған ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлады.

Реклама
Реклама

"2022 жылғы қаңтар оқиғасы бойынша тәркіленген қару-жарақтың жоғалғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ведомствоның Жеке қауіпсіздік басқармасы тексеру барысында 2023 жылы қылмыстық істер бойынша тәркіленген қару-жарақтардың, сондай-ақ қару-жарақты халықтан сатып алу науқаны аясында тұрғындар тапсырған қарулардың жетіспеу дерегін анықтады. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына жеткізілді", - деп хабарлады полицейлер.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная