14 желтоқсан 2023 09:40

Полицейлер Қазақстан тасжолдарындағы жағдайды көрсетті

видео кадры

Полиция мәліметінше, еліміздің 12 облысында халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың 100-ден аса учаскесі жабылды. Оларда 500-ден аса жылыту пункті жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

10-13 желтоқсан аралығында жабық жол учаскелеріндегі 1100 автокөлік жүргізушілеріне көмек көрсетілген. Жылыту орталықтарына 1012 адам, оның ішінде 25 бала эвакуацияланды. Ешқандай ауыр оқиға тіркелген жоқ, зардап шеккендер жоқ.

Полицейлер негізінен қатып қалған жанармайды жылытуға, көліктердің бұзылған жерлерін жөндеуге, жылу пункттеріне эвакуациялауға, нашар көріну жағдайында көліктерге жол көрсетуге көмектесті.

Реклама
Реклама

Барлық патрульдік бригадада медициналық заттар бар және полиция қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына ие.

Маңғыстау облысында көктайғақтан бөлек екпінді жел соқты.

Ал бұл - Жетісу облысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram