15 қараша 2018 | 18:04

Полицейлер өртеніп жатқан шатырдан ер адамды құтқарып қалды

Камила Долаева Журналист

Алматы полицейлері өртеніп жатқан мансардан ер адамды құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы полицейлері өртеніп жатқан мансардан ер адамды құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Өрт 15 қарашада Алатау ықшам ауданы Ұлан көшесінде тұтанды. Полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, үй тұрғыны өртті өздігімен сөндіруге тырысқан. Осыған байланысты ол от тұзағында қалған. Төтенше жағдайлар департаментіне өрт туралы хабар түскен сәттен бірнеше минут өткен соң оқиға болған жерге полиция қызметкерлері келіп, ер адамды құтқарып қалды. Олар Бурана 158 экипажы құрамындағы Жандос Дүйсенбеков, Аслан Баймұханов және Айдос Қасымбеков. 

Реклама
Реклама

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің хабарлауынша, сағат 9.47-де алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі келді. Өртеніп жатқан үйден жиырма адам шығарылды. Ол сағат 10.54-те ауыздықталып, 11.34-те сөндірілді. Өрт 400 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. 

Өртті сөндіру үшін Алматы өрт сөндіру қызметінің 71 мүшесі мен 21 негізгі және арнайы техника тартылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная