Полиция Алматы-Бішкек тасжолында жүрген жылқылардың иесін іздестіріп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматы маңындағы тасжолда жүрген жылқыларды куәгерлер видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы маңындағы тасжолда жүрген жылқыларды куәгерлер видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео kris.p.almaty.official тобында жарияланған. Кадрлардан жылқылар жол бойында шауып жүргенін көруге болады. Жазба авторының болжамы бойынша, видео Алматыдағы Райымбек даңғылында түсірілген болуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Алматы облысының полициясы мәліметінше, оқиға Алматы-Бішкек тасжолында, Қарасай ауданындағы Райымбек ауылы маңында болған.

"Қарасай ауданының полиция басқармасы қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 1-бөлігіне, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы, 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін осы жылқылар иесін анықтайды", - деді полиция баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама