22 қараша 2023 11:02

Полиция алматылық жүргізушілерге ескерту жасады

Фото:depositphotos.com

Ауа райының нашарлауына байланысты алматылық тәртіп сақшылары жүргізушілерді қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райының нашарлауына байланысты алматылық тәртіп сақшылары жүргізушілерді қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырамын. Ауа райының нашарлауы бірінші кезекте жалпы жол жағдайына әсер етеді. Осыған орай, көлік жүргізушілеріне көліктерін қыс маусымына алдын ала дайындап, дөңгелектерін ауыстыруға шақырамын. Ал ең бастысы – жол қозғалысы ережесін мүлтіксіз сақтап, көлік жүргізу мәдениетінің деңгейін көтеру. Бұл қала жолдарындағы қайғылы оқиғаларды болдырмауға көмектеседі. Өзара сыйластық пен тәртіп – жол қауіпсіздігінің кепілі және еліміздің ең ірі қаласында жол-көлік оқиғаларын болдырмаудың шешуші факторларының бірі", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Серік Шумаев.

Реклама
Реклама

Еске салайық, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 20-30 қараша аралығында "Құқықтық тәртіп" жалпыреспубликалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Ол жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы заңбұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған.

Биылғы 10 айда Алматыда 2991 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 84 адам қаза тауып, тағы 3211 адам жарақат алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360651/thumb_m/photo_122977.jpeg"
    "title" => "Полиция Астана тұрғындарына үндеу жасады"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/politsiya-astana-turgyindaryina-undeu-jasadyi-360651/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360628/thumb_m/photo_122952.jpeg"
    "title" => "Астанада полиция көлігі жол апатына ұшырап, үш адам зардап шекті"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/astanada-politsiya-kolg-jol-apatyina-ushyirap-ush-adam-360628/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360581/thumb_m/photo_122898.jpeg"
    "title" => "Алматы маңында 3 жасар қыздың жоғалып кетуі: іздеу жұмыстары қалай жүріп жатыр?"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/events/almatyi-manyinda-3-jasar-kyizdyin-jogalyip-ketu-zdeu-360581/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360553/thumb_m/photo_122865.jpeg"
    "title" => "Астана полициясы ер адамды "ұрлағандардың" видеосына қатысты жауап берді"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/astana-politsiyasyi-er-adamdyi-urlagandardyin-videosyina-360553/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360534/thumb_m/photo_122841.jpeg"
    "title" => "Алматы полициясы "Қазақстан" қонақүйі маңында түсірілген түсініксіз видеоны зерттеп жатыр"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyi-politsiyasyi-kazakstan-konakuy-manyinda-tusrlgen-360534/amp/"
  ]
]