06 желтоқсан 2023 | 09:37

Полиция кабинетіндегі қыз зорлау оқиғасы: Жетісу облысының ПД бастығы мен орынбасарлары қайда?

Фото: polisia.kz

Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметінен босатылған бұрынғы басшысы Атығай Арыстанов кадрлық резервке алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметінен босатылған бұрынғы басшысы Атығай Арыстанов кадрлық резервке алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ІІМ-нің редакция сауалына берген жауабында көрсетілген.

"Жетісу облыстық ПД бастығы мен оның екі орынбасары тәртіптік негізде қызметінен босатылып, Жетісу облысы Полиция департаменті қарамағында тіркеліп тұр", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Бұл ретте Ішкі істер министрлігі "Құқық қорғау қызметі туралы" заңға (56-бап) сәйкес қызметтен босату "тәртіптік жаза" болып табылатынын атап өтті.

Еске салайық, Талдықорған полициясының басшысы 27 жастағы қызды зорлады деп айыпталғаннан кейін ішкі істер министрі Жетісу облыстық ПД бастығы Атығай Арыстановты қызметінен босатты. Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаевқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлігі ("Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған адам зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная