ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қазан 2019 | 12:11
Полиция Шымкентте кафелердің бірінде болған атысқа қатысты пікір білдірді
Шымкентте кафелердің бірінде болған атыстан бір адам оқиға орнында қаза тауып, тағы бес адам түрлі жарақаттар алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте кафелердің бірінде болған атыстан бір адам оқиға орнында қаза тауып, тағы бес адам түрлі жарақаттар алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
"Оқиға орны болған жерден қылмыс қарулары тәркіленді. Қажетті сараптамалар тағайындалды, ҚР Қылмыстық кодексінің 99 және 287-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің аты-жөні анықталды, оларды ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Прокуратура мен полиция департаментінің өкілдері қылмыстық істі бақылауға алды", - деп хабарлады полициядағылар.
Сондай-ақ, төрт адамның Шымкент қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілгені айтылады. Тағы бір адам Сайрам аудандық ауруханаға жеткізілген.
"Бізге төрт адам жеткізілді. Барлығына ота жасалды, екеуі ауыр жағдайда жатыр, қалған екеуінің жағдайы орташа, олар хирургия бөліміне жеткізілді", - деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Еске салайық, мұның алдында жергілікті БАҚ-тар Шымкентте кафелердің бірінде атыс болып, екі адам қаза тауып, тағы төрт адам ауруханада жатқаны жайлы хабарлаған болатын.
Показать комментарии
Читайте также