12 мамыр 2024 | 10:43

Полициядан қашқан мас жүргізуші адамдар тұрған аялдамаға соғылды. Қаза болғандар бар

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Алматы облысының Іле ауданында көлік аялдамаға соғылды. Онда адамдар тұрған. Екі адам қаза тауып, тағы үш зардап шегуші ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының Іле ауданында көлік аялдамаға соғылды. Онда адамдар тұрған. Екі адам қаза тауып, тағы үш зардап шегуші ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"12 мамырға қараған түні "Бүркіт-35" полиция экипажы Байсерке ауылын патрульдеу кезінде ЗИЛ-131 автокөлігі күдік туғызған. Жүргізуші тоқтау туралы талапты елемей, қашып кетуге тырысқан. Салдарынан жүк көлігін басқарған 49 жастағы ер адам Алматы-Жетіген автожолының 32 шақырымында автобус аялдамасына жылдамдықпен кіріп кеткен. ЖКО салдарынан екі адам қаза болды, үшеуі түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды", – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, құқық бұзушы көлікті орташа дәрежедегі мас күйде жүргізген.

Реклама
Реклама

"Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, көлік арнайы тұраққа орналастырылды. Екі адамның өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп қосты Әленов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная