Porsche Panamera, Tesla, Mercedes S-класс. Алматы әкімдігінің маңында көліктер соқтығысты

"Территория происшествий" бағдарламасының фотосы

Porsche Panamera жүргізушісі белгісіз себептермен рөлге ие бола алмай, Алматы әкімдігінің маңында ірі жол апатын жасады, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 

Куәгерлердің мәлімдеуінше, спорткар Сәтбаев көшесімен шығысқа қарай бағыт алған. Назарбаев даңғылынан өткеннен кейін машина қарсы бағытқа өтіп, тұрақта тұрған көліктерді соққан. Салдарынан Lexus LX 570, Mercedes S-класс, Mercedes C-класс және Tesla автокөлігіне зақым келген. 

Реклама
Реклама

СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының фотолары

Апат салдарынан Mercedes S-класс көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Ол түрлі жарақаттармен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Қала полициясы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама