Porsche Panamera, Tesla, Mercedes S-класс. Алматы әкімдігінің маңында көліктер соқтығысты

Porsche Panamera, Tesla, Mercedes S-класс. Алматы әкімдігінің маңында көліктер соқтығысты "Территория происшествий" бағдарламасының фотосы

Porsche Panamera жүргізушісі белгісіз себептермен рөлге ие бола алмай, Алматы әкімдігінің маңында ірі жол апатын жасады, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 

Куәгерлердің мәлімдеуінше, спорткар Сәтбаев көшесімен шығысқа қарай бағыт алған. Назарбаев даңғылынан өткеннен кейін машина қарсы бағытқа өтіп, тұрақта тұрған көліктерді соққан. Салдарынан Lexus LX 570, Mercedes S-класс, Mercedes C-класс және Tesla автокөлігіне зақым келген. 

Жарнама
Жарнама

СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының фотолары

Апат салдарынан Mercedes S-класс көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Ол түрлі жарақаттармен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Қала полициясы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама