06 тамыз 2022 16:12

Прокуратура генерал-майордың өліміне қатысты істі бақылауына алды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Тұрар Қазанғапов

Прокуратура өкілі генерал-майор Жайлаубек Халықұлының өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокуратура өкілі генерал-майор Жайлаубек Халықұлының өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы прокуратурасы 6 тамызда сағат 07.15 шамасында Алматы ҚАЖД тергеу изоляторы камерасында Жайлаубек Халықұлы асылып қалғаны туралы қоңырау түскенін хабарлайды. Шақырылған дәрігерлер оның өлімін растап, алдын ала асфиксия диагнозын қойды. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды, өлімнің себептерін анықтау үшін қажет тергеу жұмыстары жүргізіледі. Тергеу барысын Алматы прокуратурасы бақылауына алды", - деді ведомство қызметкері.

Айта кетейік, бұған дейін генерал-майор Жайлаубек Халықұлы тергеу изоляторында қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Реклама
Реклама

Еске салайық, мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстары Ішкі істер департаменттерін басқарған полиция генерал-майоры Жайлаубек Халықұлын әшкерелеген болатын.

Жайлаубек Халықұлы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін алдау арқылы ақшалай қаражат пен мүлікті иемденді деген күдікке ілінген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram