02 қараша 2016 | 21:40

Прокуратура қызметкері Алматыда жоғалып кеткен екі қызды тауып берді

Прокуратура қызметкері Алматыда жоғалып кеткен екі қызды тауып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Прокуратура қызметкері Алматыда жоғалып кеткен екі қызды тауып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 және 6 жастағы апалы-сіңлілі қыздар сағат 09.00-де Алғабас коттедж қалашығында жоғалып кеткен. Қыздардың анасының айтуынша, полицейлер ит ертіп келген, бірақ қызметтік иттер ізді таба алмаған.

Реклама
Реклама


Амина және Дамира. Фото: facebook.com/elechka.alieva

"Амина мен Дамира табылды, дін-аман. Анасы мен қоғамның атынан прокуратура қызметкері Гүлмира Хамитқызына алғыс айтамын, ол қыздарымды "Магнум" супермаркетінің маңынан тапты. Балалар ауладан шығып кетіп, адасқан, төрт сағат жүрген соң шаршаған. Гүлмира Хамитқызы оларды жылытып, тамақтандырып, анасына табыстады. Ерекше алғысымызды патрульдік қызметке, прокуратураға, БАҚ-тарға, әлеуметтік желінің көптеген қолданушыларына білдіремін. Барлық топтардан іздестіру туралы жарияланымдар өшіріледі", - деп жазды Facebook желісінде ерікті Эля Алиева.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная